Астанадан Екатеринбургке ұшқан әйел 300 мың рублінен айырылып қалды
Әзірге күдіктілер жоқ
Ресейлік маникюр шебері Астанадан Екатеринбургке ұшарда чемоданмен қолма-қол 400 мың рубль алып шыққан. Бірақ қолжүгінің аузын құлыптамаған.
Ural Mash Telegram арнасының мәліметінше, Астанада әйел 100 мың рубль жұмсаған. Қайтып келе жатып, қалған 300 мың рубльді чемоданға салып, жүк тасымалына тапсырған. Ал Екатеринбургке келгеннен кейін қолына жүгі ақшасыз берілген.
Полиция тергеу жүргізіп жатыр, әзірге күдіктілер жоқ.