×

Ардагерлер пойыздарда тегін жүре алады

Оларға ТМД аумағында саяхаттау мүмкіндігі ұсынылды

 Қымбат Елтайқызы 07.05.2022 | 12:00
фото: ашық дереккөзден

Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, тыл еңбеккерлері және еңбек майданының қатысушыларына теміржол көлігімен тегін жол жүру ұсынылады. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» компаниясы мәлімдеді.

«Теміржол көлігімен тегін жүру мүмкіндігі 1935 жылғы 31 желтоқсанға дейін туған Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, тыл еңбеккерлері және еңбек майданының қатысушыларына беріледі. Аталған қайырымдылық акциясы Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының «Жеңіс» жобасы аясында ұйымдастырылды. Акция мақсаты – елімізде тұратын ардагерлерді әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру», – дейді ҚТЖ.

Компания мәліметінше, барлық қатынастағы (Тәуелсіз мемлекеттер достастығы шегінде) барлық санаттағы пойыздың купелік вагондарында, сондай-ақ қала маңы қатынасындағы пойыздарда, «Турист» класты вагондарда, Talgo компаниясының вагондарынан құрылған пойыздарда мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған мамандандырылған купеде тегін жол жүру көзделген.

Тегін жол жүру құжаттарын ресімдеу үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассасына Қазақстан азаматының жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ Ұлы Отан соғысына қатысушысы немесе мүгедегінің куәлігін, тыл еңбеккері және еңбек майданының қатысушысы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалғаны туралы уәкілетті орган белгісі бар зейнетақы куәлігін ұсыну қажет. ТМД елдеріне барған кезде тегін жол жүру құжаттары Қазақстан аумағында орналасқан сату пунктерінде ғана ресімделеді, – делінген ақпаратта.

Науқан 2022 жылғы 30 маусымға дейін жарамды.

Елордада ардагерлерге миллион теңгеден беріледі. Елімізде ҰОС ардагерлеріне берілетін бір реттік жәрдемақы мөлшері Ресейден 17 есе артық. Президент соғыста ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағын берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Ресей спортшылары соғысқа қарсы шықса ғана жарыстарға жіберіледі – ХОК

Мұндай жеңілдік қауіпсіздік қызметімен байланысы бар спортшыларға берілмейді
29.03.2023 | 13:11

Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып сайланды

Депутаттар Ерлан Қошановтың кандидатурасын қолдады
29.03.2023 | 12:41

Тәжікстанда Украинадағы соғыста қаза тапқан азамат жерленді

Ислом Саидмуродовтың артында 3 баласы қалды
29.03.2023 | 12:22

Атырау облысында заңсыз ауланған 417 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр
29.03.2023 | 12:12