Қытайдан мәліметтер алынды және басқа да тиісті тексеру жұмыстары жасалды
Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекет басшысының кедендік бақылауды күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Бас прокуратура жанындағы ведомствоаралық топпен бірге Қытаймен шекаралас өткізу пункттерінің қызметіне бірлескен тексерулер жүргізді.
Тексеріс барысында 165 млрд теңгенің қаржылық бұзушылықтары анықталды.
«Тексеру барысында кедендік декларациялардағы, көліктік, бухгалтерлік және өзге де құжаттардағы мәліметтерді тексеру барысында әкелінетін тауарлардың кедендік құнына әсер ететін мәліметтердің сәйкессіздігі анықталды. Қытай тарапынан мәліметтер алынды және басқа да тиісті тексеру жұмыстары жасалды. 3 жыл ішінде 165 млрд теңгенің бұзушылықтары анықталды.», - делінген комитет хабарламасында.
Сондай-ақ Бас прокуратура Комитетке кедендік әкімшілендіруді жетілдіру және бақылау шаралары бөлігінде талаптар қойды.