«Өзенмұнайгаз» АҚ жұмысы тоқтаған мұнайшылардың жалақы мәселесін қарастырып жатыр
Бұған дейін мұнайшылар компания жұмысын тоқтатқанын хабарлаған болатын
«Өзенмұнайгаз» АҚ жұмысшылар бастан кешіп жатқан электр қуатының тапшылығы шын мәнінде айтарлықтай емес екенін айтты. Бұл ретте ұңғымалар жұмысы тоқтап қалмаған және электр қуатының тапшылығы 7-ден 80 МВт екен.
36 бөлімшенің 8-і тоқтады, 28-і жұмыс істеп тұр. Ұңғымаларда электр жүйесі өшірілген жоқ. Барлығы қалыпты жұмыс істеп жатыр, - делінген компания хабарламасында.
Сонымен қатар, мұнайшыларды алаңдатқан жалақы мәселесі де қозғалды. Компания тиісті қаржының барлығы төленетініне сендірді.
Электр қуатының апатты сөндірілуі мұнай өндіруге кері әсерін тигізетіні сөзсіз. Бірақ соған қарамастан жыл басынан бері «Өзенмұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің еңбекақысы толығымен төленді, жұмыс орындары сақталды. Алдағы уақытта осындай қиындықтарға қарамастан қызметкерлердің жалақысын уақтылы және толық көлемде төлеу жоспарланып, бұл бағытта тиісті шаралар қабылданып жатыр, - делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін мұнайшылар «Өзенмұнайгаз» жұмысын тоқтатқанын хабарлаған болатын. Олардың айтуынша, бұған электр қуатының жетіспеушілігі себеп болған.