Ұлттық статистика бюросы ел азаматтарының орташа еңбекақысын атады
2022 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 285 433 теңгені құрады. Атаулы еңбекақы индексі 2021 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 123,7%-ды, ал нақты жалақы индексі 112,7%-ды құрады.
2021 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда ең көп өсім келесі салаларда тіркелген:
Салалық құрылымда ең жоғары атаулы еңбекақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер қазу саласында – 619,4 мың теңге, ең төмен жалақы мөлшері ауыл, орман мен балық шаруашылығы қызметкерлерінде – 144,1 мың теңге.
Өңірлер арасында ең жоғарғы орташа айлық еңбекақы Атырау облысында белгіленді – 477,9 мың теңге, ең төменгі Солтүстік Қазақстан облысында – 203,4 мың теңге.