×

Қазақстандықтардың орташа жалақысы белгілі болды

Ұлттық статистика бюросы ел азаматтарының орташа еңбекақысын атады

 Қымбат Елтайқызы 04.05.2022 | 17:30
коллаж: Halyq Uni

2022 жылғы І тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 285 433 теңгені құрады. Атаулы еңбекақы индексі 2021 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 123,7%-ды, ал нақты жалақы индексі 112,7%-ды құрады.

2021 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда ең көп өсім келесі салаларда тіркелген:

  • құрылыс – 33,7%
  • мемлекеттік басқару – 33,1%
  • көлік және қоймалау – 30,4%
  • ақпарат пен байланыс – 26,6%
  • білім беру – 21,7%
  • денсаулық сақтау әрі халыққа әлеуметтік қызмет көрсету – 18,1%.

Салалық құрылымда ең жоғары атаулы еңбекақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлер қазу саласында – 619,4 мың теңге, ең төмен жалақы мөлшері ауыл, орман мен балық шаруашылығы қызметкерлерінде – 144,1 мың теңге.

Өңірлер арасында ең жоғарғы орташа айлық еңбекақы Атырау облысында белгіленді – 477,9 мың теңге, ең төменгі Солтүстік Қазақстан облысында – 203,4 мың теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 11 отбасы материалдық көмек алды

Комиссия үйлер мен аула аумақтарын тексеруді жалғастырып жатыр
01.04.2023 | 09:14

Алматыдан 280 шақырым қашықтықта 5,1 магнитудалық жер сілкінісі болды

МSК-64 бағаны бойынша сезілуі туралы мәліметтер жоқ
01.04.2023 | 08:33

«70 мың доллар берді»: Ғабидолла Әбдірахымов әншінің сөзіне алғаш рет пікір білдірді

Әнші Динара Әлжан «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында Ғабидолла Әбдірахымовпен жақын қатынаста болғанын айтқан еді
01.04.2023 | 07:45