Halyq Uni логотип
×

Жетісу облысының білім беру саласында 4,4 млрд теңге жымқырылған

Ал республика бойынша білім беру саласында ұрланған қаржының көлемі 8 млрд теңгеге жетеді

 Еркеғали Болатұлы 02.08.2023 | 14:14
Жетісу облысының білім беру саласында 4,4 млрд теңге жымқырылған
фото: Halyq Uni

Бір ғана Жетісу облысының білім беру саласында жымқырылған қаржының көлемі 4,4 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

Бүгінде ведомство қызметкерлері Талдықорған қаласы білім беру бөлімі басшысының ұрлыққа көз жұма қарағаны үшін 280 млн теңге көлемінде пара алғандығын анықтаған. Ал есепшіден 1 млрд теңге тауып, тәркілеген.

Одан басқа, Ақтөбе облысында ревизиялық комиссиясының мемлекеттік аудиторы 500 мың теңге ақша алғаны үшін 15 млн теңге айыппұл арқалаған.

Жалпы, қазір осы білім беру саласында 100-ден астам қылмыстық іс тіркелген. Ұрланған қаржының көлемі 8 млрд теңгеге дейін жетеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама