Halyq Uni логотип
×

Елордада мемлекеттік мекемелер 3,9 млрд теңгеге заңсыз шарттар жасасқан

Қазір осындай 23 дерек анықталып отыр

 Еркеғали Болатұлы 27.07.2023 | 17:40
Елордада мемлекеттік мекемелер 3,9 млрд теңгеге заңсыз шарттар жасасқан
фото: Halyq Uni

Астанада мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын бұзу деректері анықталды, деп хабарлады қалалық прокуратура.

Ведомство мәліметінше, елордалық мемлекеттік мекемелер тендер өткізбестен таңдалған өнім берушілермен тікелей мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз жасасқан. Қазір осындай 23 дерек анықталып отыр.

Басқа жағдайда, мемлекеттік мекемелер әлеуетті қатысушылардың санын шектеп, жұмыстарды лоттарға бөлмей, олардың біртекті түрлері бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарын заңсыз түрде күрделендіріп, конкурсқа көрсетілетін қызметтердің нақты көлемін көрсетпей, сондай-ақ қаржы жылынан асатын мерзімге шарт жасасуға тырысты, - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, прокуратура органдары тарапынан қадағалау актілерінің арқасында мемлекет кірісіне 26 миллион теңге өндіріліп, жосықсыз мердігерлерден айыппұл санкцияларын өндіріп алу бойынша әрекетсіздік деректері анықталған.

Енгізілген қадағалау актілерінің нәтижелері бойынша 3,9 миллиард теңгеден аса сомаға заңсыз мемлекеттік сатып алу қорытындылары жойылды.

Кінәлі лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауапкершілікке тартылып, барлық мемлекеттік ұйымдарға мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы мүлтіксіз сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар берілді», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама