Астана мен Қостанайда жалған доллар өткізіп жүрген 5 адам сотталды
30 мың жалған доллардың 28 600-і сотқа дейінгі тергеу барысында тәркіленді
Қостанайда 5 азамат жалған валюта өткізумен айналысқан. Оның ішінде С. Шарапиев валюта тауып әкелумен айналысса, Т. Жакупов және А. Шаймердинов оны Қостанай облысының аумағында сатқан. Ал ерлі-зайыпты Бердімұратовтар жалған ақшаны Астана аумағында таратқан.
Бүгінде 30 мың жалған доллардың 28 600-і сотқа дейінгі тергеу барысында анықталып, тәркіленіп отыр.
Сотталушыларға «Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу» бабымен, сондай-ақ жәбірленушілерді алдау фактілері болғандықтан «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылды.
Сот үкімімен С. Шарапиев 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
А. Шаймердинов пен Т. Жакупов орташа қауіпсіз мекемеде 5,5 жыл отырады, ал Бердімұратовтар шартты түрде 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.
ҚМА мемлекеттің қаржылық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін «көлеңкелі» экономика саласындағы қылмыстар фактілерін ашуға бағытталған іс-шараларды жалғастырады.