Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері жарияланды

Елдегі зейнеткерлердің саны – 2,2 млн

 Халық үні 15.11.2021 | 11:23
Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері жарияланды
фото: kapital.kz

Биыл қаңтар-қазан айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 682,8 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 543,2 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

2021 жылдың қазан айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,1 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 67,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 153,2 млрд теңге бөлінді.

1 қарашадағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 230 мың адамды құрайды.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 99 804 теңгені құрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама