Қазір мамандар сервистегі ақаудың себебін анықтап жатыр
Бүгін таңертеңнен бері елорда тұрғындары ұялы байланыс пен мобильді интернетке қатысты жаппай шағымданып жатыр. Анықталғандай, өзге өңірлердің тұрғындары да осындай мәселеге тап болған.
Бұл мәселе тек Activ және Kcell абоненттеріне қатысты болып тұр.
Желі қолданушылары Activ.kz-тің Instagram-дағы парақшасына «Интернеттің жоқтығы үшін неге ақша төлеп жатырмын?», «Тариф үшін 8 мың теңге төлеймін» дегендей наразылықтарын білдіріп жатыр.
Астана тұрғындарынан бөлек, Түркістан, Қарағанды, Петропавл, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары да осы мәселе бойынша шағымдана бастады.
Компания біраз өңірдегі қызмет көрсетуде ақаулар болғанын растады.
Компания қызметкерлері Қазақстанның солтүстік және шығыс бөлігіндегі бірқатар қалада деректерді беру қызметінің жұмыс істемей тұрғанын анықтады. Қазір біздің мамандар сервисті жылдам қалпына келтіру үшін ақаудың себебін анықтап жатыр, - деді Kcell компаниясының өкілдері.