Жалақы дауы: кәсіпорын басшыларына 83,3 млн теңге айыппұл салынынды
Мемлекеттік еңбек инспекторлары 15 мыңнан аса адамның құқығын қорғады
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 15 мыңнан аса жұмысшының құқығын қорғады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 503 кәсіпорынның 17 мың жұмысшыға 4,2 млрд теңгеден аса көлемде жалақы бойынша берешегі бар екенін анықтады. Кәсіпорын басшыларына орындалуы міндетті 593 нұсқама беріліп, 83,3 млн теңгеден аса айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 15,1 мыңнан аса жұмысшының құқығы қорғалды. Оларға 4 млрд теңге төленді.