×

Көлік салығын уақытында төлемеген жүргізушілерді қандай жаза күтіп тұр

Салық төлеу мерзімі 1-ші сәуірде аяқталғаны белгілі

 Қымбат Елтайқызы 29.04.2022 | 11:30
фото: ашық дереккөзден

2021 жылға жеке тұлғалардың көліктеріне салық төлеу мерзімі 2022 жылғы 1 сәуірде аяқталды. 2 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген азаматтарға салық берешегі туралы хабарлама жіберілді.

Салық берешегі туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап 30 жұмыс күні өткен соң 3 063 теңгеден көп (1 еселенген АЕК) мөлшерде салық берешегі төленбеген жағдайда салық органы салық бұйрығын шығарады. Салық берешегін өтемеген жеке тұлғаларға берешек сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы тиісті салық бұйрықтары жіберіледі. Салық бұйрығы табыс етілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде берешек өтелмеген жағдайда, тиісті салық бұйрығы жеке сот орындаушыларына мәжбүрлеп өндіріп алуға жіберіледі. Ал жеке сот орындаушылары берешек сомасынан басқа, азаматтардан салық берешегі сомасының 25%-на дейін қосымша қызмет көрсету ақысын өндіріп алады. Шоттар да бұғатталады.

Осыған байланысты қазақстандықтардан салық берешегін өтеуді, ел алдындағы салық міндеттемелерін уақытылы орындауды сұраймыз, – дейді мемлекеттік кірістер комитеті.

Салық берешегінің бар-жоғы туралы мәліметті (AppStore, PlayMarket) e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады: e-Salyq Azamat→Электронды сервистер→Салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы қызметі→ЖСН-ды енгізу.

Бұдан басқа қазір салық органдары көліктерге салатын салық бойынша берешекті «Kaspi bank» АҚ, «Халық банк» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарлама түрінде жіберіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама