Шымкентте басқарма басшысы қамауға алынды
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр
Шымкентте жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ол мегаполистің әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген, – делінген ақпаратта.
Соттың санкциясымен күдікті 2 айға қамауға алынды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.