Қарттар үйі тұрғындарының зейнетақысы мен жәрдемақысын ұрлағандар қамауға алынды
Оқиға Қарағанды облысында болған
Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қарттар үйі тұрғындарының зейнетақысы мен жәрдемақысын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Әлеуметтік нысанда 90 адам қамқорлыққа алынған. Оның 30-ы - мүгедек, 60-ы - зейнеткер. Осы қылмысты жасады деген күдікпен қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша Қарағанды облысындағы Қарттар үйінің меңгерушісі және әлеуметтік қызметкері құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қарағанды облыстық соты Қарттар үйінің басшысына қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, – деді қаржылық мониторинг агенттігі.
Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Бұған дейін мүгедектер мен зейнеткерлердің ақшасын жымқырған Қарттар үйі қызметкерлерінің құрықталғанын хабарлаған едік.