Қазақстандықтардың қай салаларға көңілі толмайтыны айтылды
Былтыр Қазақстанда тұтынушыларға 786 млн теңге қайтарылды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграиция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, жыл сайын елімізде тұтынушылардан түсетін шағым 20%-ға өсіп отыр.
Былтыр министрлікте 30,2 мыңнан аса өтініш қаралды. Осыған ұқсас жағдай өзге мемлекеттік органдарда да байқалып отыр. 2022 жылы 50 мыңға жуық өтініш келіп түсті, - деді министр Үкімет отырысында.
Шағым төмендегілер салаларға қатысты көп түскен:
Сондай-ақ ең көп шағым төмендегі салалар бойынша:
«Мұнда тұтынушылардың шағымдарының саны істердің нақты жай-күйін көрсетпейтінін түсіну қажет. Өйткені құқық пен заңды мүдделері бұзылған азаматтардың бәрі дерлік мемлекеттік органдарға жүгінбейді. Бұл жүргізілген социологиялық зерттеулермен расталады», - деді Серік Жұманғарин.
Сондай-ақ ол қазақстандықтардың төмендегі салаларға көңілі толмайтынын атап өтті:
Сондай-ақ өңірлерде тұтынушылардың құқықтары бұзылатын ең өзекті салалар да анықталған. Осыған байланысты мемлекеттік органдар өздері реттейтін салалардағы азаматтардың наразылығының түпкі себебін анықтау үшін талдау жүргіу керек.
Өткен жылы уәкілетті орган келіп түскен өтініштердің жалпы санынан: 44,8% бойынша консультациялық-құқықтық көмек көрсетті, 43,7% бойынша оң шешімдер қабылданды;
Тұтынушыларға 786 млн теңге қайтарылды. Азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін мемлекеттік органдар былтыр бірқатар ұлттық стандарттарды әзірледі, - деп сөзін түйіндеді вице-премьер.