Halyq Uni логотип
×

Ақмола облысында мемлекеттік мекеме басшыларының туыстары жұмыс істемей-ақ жалақы алып келген

Өңірде мәдениет саласының бірқатар қызметкері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

 Ербол Тұрымбет 22.04.2022 | 23:30
Ақмола облысында мемлекеттік мекеме басшыларының туыстары жұмыс істемей-ақ жалақы алып келген
фото: realty-kokshe.kz

Ақмола облысының прокуратурасы облыстың мәдениет басқармасы бөлімшелері басшыларының бюджет қаражатын жымқыру әрекетін анықтады.

«Қалалық ақпараттық-кітапхана жүйесі» КММ директоры мен оның орынбасары, «Тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы» КММ директоры, Орталық қалалық балалар-жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі 2018-2021 жылдары бюджет қаражатын жымқырған деген күдікке ілініп отыр.

Қылмыстық іс-әрекетке мемлекеттік мекемелердің ондаған қызметкері, мекеме басшыларының туыстары тартылған. Олар қағаз жүзінде жұмысқа орналастырылып, ай сайын (жұмыс істемей) жалақы алып отырған, іссапарларға жіберілген, сыйақы алған.

Жалақы мен басқа да төлемдер, іссапар ақысы мен сыйақы, жалған өтініштер бұйрық негізінде басшылықтың және басқа да қызметкерлердің карточкасына аударылып отырған. 2021 жылдың 16 шілдесінде сот үкімімен «жоқ адамдарды» жұмысқа орналастыру арқылы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін «Қалалық ақпараттық-кітапхана жүйесі» КММ директоры мен оның орынбасары сотталып, жұмыстан босатылды.

Еске салайық, биылда Ақмола облысы мәдениет басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының басшысы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама