Қазір интернетте осындай ақпарат тарап жатыр
Мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін жәрдемақы көлемін 30 мың теңгеге ұлғайту туралы мәлімет – фейк.
Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде тараған 1, 2, 3-топтағы мүгедектерге, нақтыласақ, бала кезінен мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін әлеуметтік жәрдемақы мөлшері 30 мың теңгеден астам сомаға көбейгені жайлы дерек шындыққа жанаспайды, – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Мемлекеттік жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобына әрі себебіне байланысты болады.
«Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жәрдемақылар жыл сайын ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты индекстеледі. Мәселен, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшері 5%-ға артты. Бұдан басқа инфляция дәлізін 4-6%-дан 8-10%-ға дейін қайта қарауға байланысты жәрдемақыларға қосымша индекстеу жүргізу жоспарланып отыр», – делінген мағлұматта.
Атырауда мүмүмкіндігі шектеулі жандардан пара алған екі шенеунікке қатысты қылмыстық істі тергеу басталды. Қазақстанда 525 мың мүгедекке жәрдемақы төленеді. Сенатор Қалтаева мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған әлеуметтік мекемелердің жағдайы мүшкіл екенін айтты.