×

Бюджетті тиімсіз жұмсағандар: 6 қылмыстық іс қозғалды

Жоғары аудиторлық палата биыл 9 аудит жүргізген

 Дәурен Ерболат 07.06.2023 | 11:49
көрнекі фото: Halyq Uni

Бюджет қаржысын тиімсіз пайдаланғандарды құзырлы органдар тексеріліп жатыр. Бұл туралы Жоғары аудиторлық палатаның төрайымы Наталья Годунова айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысында Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатасының 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі талқыланып жатыр.

Жоғары аудиторлық палата басшысы бюджетті жоспарлау кезінде қаржыны тиімсіз пайдаланудың негізі қалыптасады деп санайтынын ашық айтты.

«Сондықтан біз ұсыныстарды орындау бойынша шаралар қабылдаймыз. Егер олар орындалмаса, онда біз қаржылық немесе процедуралық бұзушылықтарды тіркейміз. Жалпы 2022 жылы 20 аудиторлық іс-шара өткіздік. 20 аудиторлық іс-шараның тек төртеуі құқық қорғау органдарына берілмеді. Қалғандарының барлығы құқық қорғау органдарына берілді. Іс жүргізу шешімдерін қабылдау үшін барлығы 15 материал берілді, 6 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оның қорындысы тергеу аяқталғаннан кейін белгілі болады», - деді Наталья Годунова.

Биыл Жоғары аудиторлық палата 9 аудиторлық іс-шара жүргізген.

Сот шешімі шыққанға дейін біз нәтижені айта алмаймыз. 2 материал уәкілетті органдарға қосымша тексеруге жіберілді, 7 өндірістен кейін тоқтатылды. Биыл біз 9 аудит жүргізуді аяқтадық. 9-дан тек 3 материал құқық қорғау органдарына берілмеді, - деді палата басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама