Спорт мектебінің өкілдері жоқ қызметкерлердің атынан жалақы алып келген

Еркеғали Болатұлы

Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр

фото: Halyq Uni

Жетісу облысындағы «Өркен» балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен тергеуге алынды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ұсталғандар 7 жыл бойы жоқ қызметкерлердің атынан жалақы алып келген.

Тергеу барысында мекеме қызметкерлері 2015-2022 жылдары «жұмысқа қабылданып», шын мәнінде жұмыс істемеген 6 адамға жалақыны есептеу арқылы 16 миллион теңгеден аса бюджет қаражатын заңсыз аударған, - делінген ақпаратта.

Бұл істің мүддесіне сай нақты кімдердің ұсталғаны жария етілмеген. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.