Ол 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды
Павлодар облысындағы ақпараттық технологиялар колледжінің бас бухгалтері бюджеттен 26 миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды.
Қаржылық мониторинг агенттігі Павлодар қаласындағы «Ақпараттық технологиялар колледжі» ШЖҚ КМК-да ақша қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады.
Колледждің бас бухгалтері Ю.Безпалая өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, 2015-2020 жылдар аралығында бюджет қаражатын заңсыз иелену бойынша қылмыстық схеманы ұйымдастырған.
Ол колледж жұмысына таныстары мен туыстарын тартып, сосын олардың атына заңсыз жалақы аударып, сол қаражатты иеленіп отырған.
Ю.Безпалая 7 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына тартылды, сонымен қатар ол бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға айырылды.