Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі 16 наурызда қамауға алынды
«Алматы қаласы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы» КММ лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компания басшылығына қатысты, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2019 жылы «Алматы қаласындағы 2017 жылғы Универсиада» нысандары үшін құрылыс-монтаж жұмыстарын нақты орындалмаған міндеттер үшін төленген аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл туралы Антикор хабарлады.
Осыған ұқсас аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен «Ария-Жаңа Астана» ЖШС басшылығының қатысуымен басқа өңірлерде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
Еске салайық, 17 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
16 наурызда Г.Сатыбалды ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.