×

Астанада 32 млн теңге жымқырған аурухана есепшісі шартты жазаға тартылды

Әйел өз кінәсін мойындады

 Еркеғали Болатұлы 31.05.2023 | 12:30
фото: Halyq Uni

Бүгін Астанада көпсалалы аурухананың кассирі 32 миллион теңгені ұрлағаны үшін сотталды.

Сотта анықталғандай, ол 2021 жылдың 1 қаңтары-2022 жылдың 29 қарашасы аралығында заңсыз иемдену және жымқыру жолымен компанияның 32 миллион теңгеден аса ақшасын қолды еткен.

Әйел өз кінәсін мойындады. Сол оны 10 жыл мерзімге материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда емхананың бұрынғы бас дәрігері де 79 миллион теңгеден аса қаржыны жымқырды деген айыппен сотталған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама