Halyq Uni логотип
×

Қазақстанда 525 мың мүгедекке жәрдемақы төленеді

Биыл мүмкіндігі шектеулі жандар мен асыраушысынан айырылғандарға 105 млрд теңге жәрдемақы берілді

 Қымбат Елтайқызы 20.04.2022 | 14:00
Қазақстанда 525 мың мүгедекке жәрдемақы төленеді
фото: Halyq Uni

Қазақстандықтарға жыл басынан бері мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы түрінде 104,6 млрд теңгеден астам қаражат төленді.

1 сәуірдегі жағдайға сәйкес, қазақстандықтарға мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы түрінде 104,6 млрд теңгеден астам қаржы берілді. Оның ішінде 2022 жылғы наурызда республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 27,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты 7,7 млрд теңге жұмсалды, – дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғаныс министрлігі.

2022 жылғы 1 сәуірдегі жағдайға сай, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар саны 525 мың адамды, асыраушысынан айырылғандар 174,3 мың адамды құрайды.

«Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады», – делінген ақпаратта.

Бірінші сәуірдегі жағдайға сәйкес, мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 52 609 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайында 43 957 теңгені құрады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама