×

Қаржы министрі зейнетақы қорындағы ақшасын пайдаланбағанын айтты

Министр жинақтағы қаражатын күнделікті қажеттілігіне жұмсағысы келмейтінін айтты

 Дәурен Ерболат 30.05.2023 | 13:02
Ерұлан Жамаубаев, фото: Halyq Uni

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев зейнетақы қорындағы артық ақшасын пайдаланбағанын айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Біріншіден, ондағы қаржы – біздің болашағымыз. Онда барлық зейнеткердің – оның ішінде менің де ақшам жатыр. Мен бір тиын да алмадым. Себебі, мен оның (болашақ) зейнетақы екенін жақсы түсінемін.

Екіншіден, мен болашақта қайда жұмыс істейтінімді білмеймін. Мен жинақтағы қаражатты күнделікті қажеттілігіме жұмсағым келмейді. Қазақстанда бәрі осылай істейді деп ойлаймын.

Үшіншіден, болашақта инвестициялық жобаларға керек ресурс. Мұны да түсіну керек. Бұл біздің артықшылығымыз, басқа көп елде мұндай артықшылық жоқ, - деді министр Үкімет отырысынан соң.

Еске салсақ, 2021 жылдың 3 желтоқсанында Қазақстанда зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың шекті мөлшері 2022 жылы шамамен 1,8 есе өсетіні хабарланды. Мәселен, егер 2021 жылы 35 жастағы азаматтар үшін шекті көрсеткіш 2 940 000 теңге болса, 2022 жылдан бастап ол 5 060 000 теңгеге дейін өсnі. 

Үкіметтің бұл шешімі зейнетақы жинағындағы ақшасын пайдаланып үлгермеген салымшылардың ашуын туғызып, халық тарапынан шекті соманы өсірмеу туралы ұсыныс жасалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпшіліктің өтінішіне құлақ асып, Үкіметке зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалануға қатысты шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама