Halyq Uni логотип
×

Көрмеге қатысу үшін 800 млн теңге: Қаржы министрі артық шығындарға қатысты жауап берді

Биыл республикалық бюджет шығыстарын 2,7 триллион теңгеге арттыруды жоспарлап отыр

 Ербол Тұрымбет 20.04.2022 | 12:10
Көрмеге қатысу үшін 800 млн теңге: Қаржы министрі артық шығындарға қатысты жауап берді
Юрий Ли, Мәжіліс депутаты

Мәжілісте «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын қарау кезінде депутат Ли Юрий Қаржы министрінен негізсіз жұмсалған қаражаттарға кімнің жауапты екенін сұрады.

Депутат заң жобасында көрсетілген материалда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес келмейтін бағыттарға қаражат жұмсау көзделгенін көріп отырғанын айтып, бірқатар мысал келтірді.

«Мәселен, Индустрия министрлігі халықаралық көрмеге қатысуға және әлеметтік-сараптамалық жұмыстарға 800 млн теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Ұлттық экономика министрлігі 394 млн теңгені әлеуметтік-сараптамалық жұмыстарға бөлген. Мұндай мысалдар көп. Осы ретте, бюджетте негізсіз жұмсалатын ақшаны кім есепке алады?», - деді депутат Ли Юрий.

Премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, үкімет 2022 жылы республикалық бюджет шығыстарын 2,7 триллион теңгеге арттыруды жоспарлап отыр.

Қаржы министрі негізсіз шығындарды анықтауға қатысты жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын айтты. Жыл басында бюджет қаражатын тиімсіз жұмсауға қатысты нақтыланады. Заң жобасын қарау кезінде тиімсіз жұмсалуы мүмкін 1 трлн теңгенің жобалары анықталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама