Halyq Uni логотип
×

Министрлік зейнетақы қорындағы шекті сома мәселесі қайта қарастырылмайтынын мәлімдеді

Қазақстанда 770 мың салымшының 400 мыңы жинағын баспана сатып алу үшін пайдаланған

 Халық үні 07.12.2021 | 11:42
Министрлік зейнетақы қорындағы шекті сома мәселесі қайта қарастырылмайтынын мәлімдеді
Ержан Біржанов, вице-министр

3 желтоқсанда 2022 жылдан бастап Қазақстанда зейнетақы қорындағы ақшаны алу шарты өзгеретіні хабарланды. Бұл өзгерістен кейін қорда міндетті түрде қалуға тиіс шекті сома шамамен 1,8 есе ұлғаяды.

БЖЗҚ-дағы шекті соманың көбейгеніне қарсылық білдіріп жатқандар, тіпті Қордың бұл шешімді халықпен ақылдаспай қабылдағанын айыптап жатқандар бар.

Еңбек және халықты қорғау министрінің орынбасары Ержан Біржанов зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты пікірін білдіріп, Зейнетақы қорындағы шекті сома қайта қаралмайтынын мәлімдеді.

Вице-министр «депутаттардың, сарапшылардың және азаматтардың сын-пікірлерін ескере отырып, ведомство зейнетақы жинағын алу үшін ең төменгі жеткіліктілік шегін қайта қарауды жоспарлап отыр ма?» деген БАҚ өкілдерінің сұрағына «қарастырылмайды!» деп жауап берді. Ержан Біржанов зейнетақы көлемінің жеткілікті шегін есептеу әдістемесі әлеуметтік төлемдерге қарағанда өзгеше екенін атап өтті.

Бүгінге дейін 770 мың адамның 400 мыңы жинағын баспана сатып алу үшін пайдалана алды. Бұл жартысынан астамы. Шекті сома көбейгенмен, оны белгілі бір санат, яғни 180 мыңнан астам адам осы мүмкіндікті пайдалана алады, - дейді Еңбек және халықты қорғау вице-мнистрі.

2021 жылдың қаңтарында Қазақстандағы салымшыларға зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсауға, сондай-ақ жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына беру мақсатында пайдалануға құқық берді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама