Прокуратураның араласуымен жалпы көлемі 1,4 млрд теңге үнемделді
Шыментте бюджет қаржысын ысырап қылған шенеуніктер жауапқа тартылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Қала прокуратурасы жергілікті атқарушы органдарда Бюджет кодексінің қолданылуына және 2022-2023 жылдарға қала бюджетін қалыптастыру, нақтылау, түзету барысында заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.
Прокурорлық қадағалау актісін қараумен жалпы 1,4 млрд теңге қаржы қарастырылған бюджеттік бағдарламалар бюджеттік комиссия қарауына қайта ұсынылып, «2023-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №23/217-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шымкент қаласы мәслихатының 2023 жылғы 3 сәуірдегі №2/12-VIII шешімімен қысқартылды (жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бойынша 1,1 млрд теңге, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы бойынша 160,6 млн теңге және мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы бойынша 212,1 млн теңге).
Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың жауапты лауазымды тұлғаларынан бастап, 3 басқарма басшысының орынбасарлары (құрылыс, энергетика және инфрақұрылымды дамыту, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары) тәртіптік жауапқа тартылып, сондай-ақ қалалық жайлы ортаны дамыту басқарма басшысының орынбасары ӘҚБтК-нің 207-бабы 11-тармағына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды.
Осылайша, қала прокуратурасының араласуымен 2023-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджетінде жалпы көлемі 1,4 млрд теңге үнемделді.