×

Жемқорлардың ақшасына қай өңірде мектептер салынатыны айтылды

Құрылысқа 96 млрд теңге бөлу жоспарланған

 Халық үні 24.05.2023 | 15:35
Фото: Halyq Uni

Оқу-ағарту министрлігі жемқорлардың ақшасына салынатын мектептердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Министрлік құрылысы және реконструкциялануы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын орта білім беру объектілерінің тізімі көрсетілген қаулыны жариялады.

Соған сәйкес барлығы 62 мектеп Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облысында салынады. Сондай-ақ тізімде Астана қаласы да бар.

Оның ішінде Алматы облысында – 10, Жамбыл облысында – 6, Түркістан облысында – 9, Астанада 10 мектеп салынады. Толық тізімді мына жерден көруге болады.

Құрылысқа барлығы 96 млрд теңге бөлу жоспарланған. Оған жаңа мектептер, қолданыстағы мектептерге қосымша ғимараттар да салынады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама