Halyq Uni логотип
×

Мемлекетке 122 млн теңге шығын келтірген: Жетісу облысында экс-шенеунік сотталды

Үкім заңды күшіне енді

 Халық үні 24.05.2023 | 09:18
Мемлекетке 122 млн теңге шығын келтірген: Жетісу облысында экс-шенеунік сотталды
Фото: Halyq Uni

Алматы облысы білім басқармасының бұрынғы басшысы Майгүл Омарова 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Алматы облыстық білім саласындағы төрт лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта 2020 жылдың тамыз және қараша аралығында басқарма бастығы Майгүл Омарова лауазымды тұлға бола тұра, пайда күнемдік мақсатта әрекет еткені анықталды. Ол мемлекеттік функцияларды іске асыруға уәкілетті А.-мен сөз байласқан. Бір көзден мемлекеттік сатып алу шартынын сомасының 10 пайызы көлемінде пара алу мақсатында А.- дайындаған М.-мен Н.- ға бағынышты жеке кәсіпкерлікпен Алматы облысының білім беру мекемелеріне қашықтан оқытуға арналған ноутбуктерді сатып алу туралы осы келісімшартқа қол қойған.

Осыдан кейін Н. және М. өздерінің алаяқтық жолымен бюджетке тиесілі қаражатты жымқыру қылмыстық жоспарларын іске асырып, аталған ноутбуктерге лицензияланбаған «Microsoft Windows» бағдарламасын ақша қаражаты шығынынсыз интернет желісінен жүктеу арқылы өздері орнатқан.

Кінәлілердің қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке 122 996 086 тенге көлемінде аса ірі залал келтірілген.

Мемлекеттік айыптаушы сотталушыларды кінәлі деп танып О., М., және Н.-ға 14 жыл, А.-ға 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сот үкімімен Омарова мен А. Қылмыстық кодекстің 366-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Оларға осы баппен мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тиым салына отырып 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

М. және Н. ҚК-нің 367- ббабы 4- бөлігі, 190- бабы 4- бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама