×

Семей полигоны аумағында туған қазақстандықтар жаңа көмек ала алады

Egov.kz порталында Семей полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарға арналған жаңа қызмет пайда болды

 Халық үні 18.04.2022 | 12:59
фото: ашық дереккөзден

Семей сынақ полигоны аумағында 1949-1965, сондай-ақ 1966-1990 жылдар аралығында өмір сүрген азаматтар eGov.kz порталында жаңа қызметтің көмегімен мемлекеттен төлем ала алады.

Мемлекеттік қызметтің көмегімен азаматтарға жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығын растайтын куәлік алу мүмкіндігі беріледі. Жаңа қызмет eGov.kz порталында тегін көрсетіледі және 2022 жылдан бастап қолжетімді. Қызмет іске қосылғаннан бері 311 азамат онлайн режимінде куәлік пен өтемақы алуға өтініш берді. Осындай қызмет еліміздегі ХҚКО-ның көмегімен де көрсетіледі. Тек 2021 жылдың өзінде 7 мыңға жуық адам қағаз түрінде өтініш берген.

Бұл қызмет бұрын ХҚКО арқылы қағаз түрінде ғана көрсетілетін. Азаматтаға ыңғайлы болу үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп, қызметті онлайн форматқа көшірдік. Бұл Семей өңірінің тұрғындары үшін өте маңызды әрі қажетті қызмет деп ойлаймыз. «ҰАТ» АҚ ұжымының атқарған жұмысының арқасында онлайн мемлекеттік қызметтердің тізімі күннен-күнге өсіп келеді, - деді «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Қызметті пайдалану үшін egov.kz порталына кіріп, басты бетте «Әлеуметтік қамсыздандыру» бөлімін ашып, «Отбасыларға көмек» тармағын таңдап, қажет қызметті таңдау қерек. Әрі қарай, пайдаланушы:

  • порталда авторизацияланады; 
  • онлайн қызметке тапсырыс береді; 
  • барлық қажетті жолдарды толтырады;
  • ЭЦҚ немесе екі факторлы аутентификация көмегімен өтінімге қол қояды.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі 20 жұмыс күні ішінде дайын болады.

Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында қауіпсіздік аймағы құрылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

СҚО-да әкім журналиске берген сұхбатынан кейін ауруханаға түсіп қалды

Жұмағұловтың айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр
27.05.2023 | 19:54

Ақтөбеде аламан бәйге өтті

Турнирге еліміздің бірнеше өңірінен 62 шабандоз қатысты
27.05.2023 | 17:08

Астанада 700 тонна қоқыс үйіндісіне себеп болған кәсіпкерге айыппұл салынды

Қалада 2 санкцияланған полигон жұмыс істейді
27.05.2023 | 16:34

Астана әкімдігі зират орнына тұрғын үй салынатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Зираттың санитарлық-қорғаныс аймағы болады
27.05.2023 | 15:29