Ақтөбе облысында мәслихат депутаты қамауға алынды

Халық үні

Жалпы шығын көлемі – 457 миллион теңге

Фото: Sputnik.kz

Ақтөбе облысында аудандық мәслихат депутаты жоқ малға заңсыз субсидия алған, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі.

Ірі көлемде жасалған алаяқтық фактісі бойынша аудандық мәслихат депутатына қатысты ҚМА Ақтөбе облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Шаруа қожалығы атынан шын мәнінде жоқ болған малға субсидия алуға өтініш берген. Сондай-ақ бұл азамат «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 600 бас ірі қара мал сатып алуға берген несие қаражатын заңсыз алған.

Жалпы шығын көлемі – 457 миллион теңге. Қазір бұл азамат ұсталып, оған қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.