Halyq Uni логотип
×

Жыл басынан бері 1 трлн 98,9 млрд теңге зейнетақы төленді

Еліміздегі зейнеткерлердің саны 2 млн 297 мың адам болды

 Динара Амантай 18.05.2023 | 09:55
Жыл басынан бері 1 трлн 98,9 млрд теңге зейнетақы төленді
Фото: Halyq Uni

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1 трлн теңгеден аса зейнетақы төленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, республикалық бюджеттен 1 трлн 98,9 млрд теңге зейнетақы төлеуге бөлінді. Оның ішінде базалық зейнетақы – 337,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 761,5 млрд теңге.

Сондай-ақ 1 мамырдағы жағдай бойынша еліміздегі зейнеткерлердің саны 2 млн 297 мың адам болды.

Ал жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 686 теңге болды. Оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 851 теңге, базалық зейнетақы – 37 835 теңге.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама