Салықшылар мобильді аударымдардың қалай тексерілетінін түсіндірді
Бүгіннен бастап қазақстандықтардың мобильді ақша аударымдары тексерілетіні белгілі
Салықтан жалтарғандардың тізімін банктер анықтайды, дейді салық комитеті.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, шара 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асады.
- 1-кезең (2022 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін): - мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары (зайыптары), сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыптары) бойынша;
- 2-кезең (2023 жылғы 1 қаңтардан 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін): - бюджет саласының қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары бойынша төленеді;
- 3-кезең (2024 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін): - заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары бойынша біржолғы ақшалай өтемақы алуға құқылы;
- 4-кезең (01.01.2025 ж. бастап) - халықтың қалған санаттары бойынша.
2023 жылы екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар 1-кезеңнің тұлғалары бойынша мәліметтерді ұсынуды жоспарлап отыр.
Министр бұйрығы жеке тұлғалардың, адал салық төлеушілердің жеке аударымдарын қозғамайды, – делінген хабарламада.
Ал мемлекеттік кірістер комитетінің басқарма басшысы Владлен Баланның айтуынша, жыл сайын осы талаптарға кіретін тұлғалар тізімі жасалады.
«Ол екінші деңгейлі банктерге жолданады. Банктер оларға қатысты сараптама жүргізіп, ішінде қаншасы заңды бұзғанын біліп береді. Сосын олармен әрі қарай мемлекеттік кірістер комитеті айналысады. Яғни, комитет бүкіл қазақстандықтың банк шотын тексеріп жатпайды. Тек сол банктегі тізімге кірген азаматтармен жұмыс істейді», – дейді В.Балан.
Оның сөзінше, соның өзінде кәсіпкерлікпен айналысып, бірақ салық төлемегені анықталса, тек сол табысының салығын төлеуге ғана міндеттеледі. Одан артық жазалау шарасы қарастырылмаған.
Қайырымдылық қорлары болса, олар заңды тұлға ретінде шот ашуы тиіс. Егер жекелеген адамдар өз беттерінше қайырымдылық мақсатта ақша жинай бастаса, ол мәселе де кейін жыл қорытындысы бойынша критерийлерде ескеріледі, – дейді Балан.
Бұған дейін қазақстандықтардың мобильді ақша аударымдары тексерілетіні белгілі болды. Яғни, бір жеке тұлғаның (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған) банк шотына үш айдың ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғаның банк шотынан ақша аударылса, бұл кәсіпкерлік қызметтен пайда табу болып есептеледі.