×

Астанаэнергосбыт барлық тұтынушыға «жеген» ақшасын қайтаруға міндеттелді

Ұйымның төлемдерді негізсіз өсіргені белгілі

 Қымбат Елтайқызы 15.04.2022 | 14:00
коллаж: Halyq Uni

Астаналық тұтынушылардың өтініштері негізінде ҰЭМ табиғи монополияларды реттеу комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаментпен бірігіп, «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ке қатысты электрмен жабдықтау қызметтері үшін төлемге жоғары баға қоюдың негізділігі тұрғысынан жоспардан тыс тексеру өткізді.

Астанаэнергосбыт әрекеттерін тексеру қорытындысы бойынша, электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты тарифтерді саралау кезінде төлем сомаларын есептеу тәртібінде заң бұзушылықтар анықталды. Бұл тұтынушылар төлеміне қойылған негізсіз жоғары сомаларға алып келді, – дейді табиғи монополияларды реттеу комитеті.

Тексеру барысында жүгінген 56 тұтынушының 32-сіне 129 мың теңге мөлшерінде негізсіз сома қойылғаны анықталды. Мысалы, тұтынушылардың бірі бойынша 4 айда артық төлемнің жалпы сомасы 17 мың теңгені құрады. 

«Осыған байланысты «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 167-бабы бойынша іс қозғалды. Оған сәйкес, 2000 АЕК немесе 6 млн теңгеден жоғары мөлшерде айыппұл көзделген», – делінген ақпаратта.

Одан бөлек Астанаэнергосбыт атына электр энергиясын төлеу сомасы заңсыз есептелген елорданың барлық тұтынушысына төлем сомасын қайта есептеуді жүргізу арқылы жол берілген заң бұзушылықтарды міндетті түрде жою туралы нұсқама енгізілді. Тұтынушылардың өздері де ұсынылған шоттардың негізсіз артық көтерілгенін анықтаса, қайта есептеу жүргізу үшін «Астанаэнергосбыт» ЖШС-ке жүгінуге құқылы. Астанаэнергосбыт қайта есептеуден негізсіз бас тартқан жағдайда, тұтынушылар ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментіне жүгіне алады.

«Астанаэнергосбыт» ЖШС жоспардан тыс тексеру жүргізілмек. Астанаэнергосбыт 6 млн теңге айыппұл арқалады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Алматы мәслихатына сайланған депутаттардың аты-жөні белгілі болды

Қала бойынша Amanat партиясы 51,94% дауыс жинады
24.03.2023 | 17:05

Ресей мен Беларусь хоккейден 2024 жылғы әлем чемпионатына жіберілмеді

Ұйым басшылығы спортшыларды жарыстарға қатыстырудың өзі қауіпсіздікке залал келтіреді деп санайды
24.03.2023 | 16:53

Атырауда трамадолды шамадан тыс қолданған спортшы суицид жасады (ВИДЕО)

Бұл препарат Украина, Ресей, Өзбекстан, Беларусь мемлекеттерінде есірткілердің тізіміне енгізілген
24.03.2023 | 16:32

Роналду жаңа рекорд жасады

Португалияның футболшысы ресми матчтарда 100 гол салды
24.03.2023 | 16:23