Halyq Uni логотип
×

Тек әйелдерге арналған ипотека: «Ұмай» бағдарламасына құжат қабылдау басталды

Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына 200-ге жуық несие бөлу жоспарланған

 Халық үні 10.05.2023 | 10:09
Тек әйелдерге арналған ипотека: «Ұмай» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Фото: Halyq Uni

10 мамырда «Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл бағдарлама бойынша 2021 жылы 8,4 млрд теңгеге 954 несие берілген. 2022 жылы 14 млрд теңге көлемінде екінші транш қабылданып, 1120 қыз-келіншек баспаналы болды.

15,6 млрд теңге сомасында үшінші транш бөлінді, - деп хабарлады Отбасы банк.

Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына заемның жалпы көлемінің 40% аспайтын бөлігін немесе 200-ге жуық несие бөлу жоспарланып отыр.

Несиенің 60% облыстар мен шағын қалалардың тұрғындарына беріледі. Бастапқы нарықта (жаңа ғимараттарда) және екінші нарықта тұрғын үй жылжымайтын мүлігін сатып алуға болады. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі 14,4%-дан (ЖТСМ - 15,4%-дан) басталады. Несие 25 жылға дейін беріледі.

Бұл тек әйелдерге арналған ипотека. Ипотеканы онлайн режимде рәсімдеуге болады.

Айта кетейік, несиені қаржыландыру үшін Азия даму банкі «Отбасы банкіне» 15,6 млрд теңге транш бөлді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама