×

Кабина 150 мың теңге: Қарағанды әкімдігі сайлау жабдықтарын сатып алуға қанша ақша жұмсады

Көшедегі ақпаратық билбордтарға 3, млн теңге кетті

 Ая Өміртай 10.05.2023 | 09:30
Коллаж: Halyq Uni

Қарағанды қаласында 2023 жылғы сайлау кезінде сайлау учаскелеріне қажет құрал жабдықтарды сатып алуға 7,3 млн теңге жұмсалған, деп хабарлайды Halyq Uni

Halyq Uni әкімдіктерге сайлау кезінде құрал-жабдықтарға қанша қаржы жұмсағанын білу мақсатында ресми сауал жолдаған еді. Қарағанды қаласы әкімінің ресми жауабында, 182 сайлау учаскелері жұмыс жасағанын көрсеткен. 

Осы сайлау науқанында сайлау учаскелеріне дауыс беру кабиналары, дауыс беруге арналған жәшік, көшедегі ақпаратық билбордтары, учаскедегі ақпараттық стендтері және учаскелік төлқұжат пен тақталары жалпы 7 346 321, теңге сомада сатып алынған, – делінген ресми жауапта.

Атап айтқанда, 2 жиынтық дауыс беру кабинасы 300 000 теңгеге, 6 дана дауыс беруге арналған жәшік – 346 000 теңгеге, 25 дана көшедегі ақпаратық билбордтары 3 500 000 теңгеге, 3 ақпараттық стенді 140 000 теңгеге, жиыны 182 дана болатын учаскелік төлқұжат пен тақталар 3 060 320 теңгеге сатып алынған.

Яғни, Қарағанды әкімдігі бір дауыс беру кабинасын 150 мың теңгеден, дауыс беру жәшігінің біреуін 58 мың теңгеден сатып алған. 

Айта кетелік, Мәжіліс сайлауы кезінде Алматы әкімдігі сайлау учаскелеріне қажет құрал жабдықтарды сатып алуға 228 млн теңгеге жуық қаржы жұмсағанын тарқатып жазған болатынбыз. Алматы әкімдігі дауыс беруге арналған жәшіктердің біреуін 71 мың теңгеге сатып алған болса, дауыс беру кабинасын құруға 64 200 теңге жұмсаған еді. 

Halyq Uni алдағы уақытта тиісті әкімдіктерге сайлау кезінде құрал-жабдықтарға қанша қаржы жұмсағанын білу мақсатында ресми сауал жолдайтын болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама