Денсаулық сақтау басқармасы Есеп комитеті жүргізген аудит қорытындысына жауап берді
Есеп комитетінің 2020 жылдың наурыз-қазан айлары аралығында Атырау облысына бөлінген республикалық бюджет қаражатының пайдалануына жүргізілген мемлекеттік аудит жүргізіп, пандемия кезінде жұмыс істеген аудандық мобильді топ қызметкерлеріне үстемақы заңсыз төленген деген қорытындыға келген.
Басқармаға қарасты аудандық ауруханалар бойынша 105,8 млн теңге (Мақат ауданы – 1,4 млн; Исатай ауданы – 2,1 млн; Жылыой ауданы – 13,1 млн; Құрманғазы ауданы – 25,1 млн; Махамбет ауданы – 7,0 млн; Индер ауданы – 16,8 млн; Қызылқоға ауданы – 40,3 млн).
Қазір Исатай аудандық ауруханасы, Мақат аудандық ауруханасы және Жылыой аудандық орталық ауруханасы негізсіз төленген деген қаражат сомасын бюджетке кері қайтарды. Құрманғазы аудандық ауруханасы ағымдағы жылдың сәуір айының соңына дейін қайтаруға кірісті.
Ал Қызылқоға, Махамбет, Индер аудандық ауруханалары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына дәлелдеме құжаттар жолданып, қазіргі уақытта сот шешімінің нәтижесі күтілуде.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 5 сәуірдегі хаты бойынша орындалу мерзімі 15 маусымға дейін ұзартылған.