Halyq Uni логотип
×

Шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару: Әділет вице-министрі Ермұрат Бапидің сауалына жауап берді

Мәжіліс депутаты шетелге шығарылған қаражатты жасыруға көмектесіп жатқандар барын айтқан еді

 Дәурен Ерболат 27.04.2023 | 15:59
Шетелге заңсыз шығарылған ақшаны қайтару: Әділет вице-министрі Ермұрат Бапидің сауалына жауап берді
Фото: Halyq Uni

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова депутат Ермұрат Бапидің премьер-министр мен Бас прокурордың атына жолдаған депутаттық сауалына жауап берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

 (Шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы – автор) заң жобасын Әділет министрлігі әзірлеген. Қазір заң жобасы құқық қорғау және мемлекеттік органдармен жан-жақты талқыланып жатыр. Алдағы уақытта заң жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланады. Қоғам оны талқылап, комментарий бере алады, - деді министрдің орынбасары Сенаттың жалпы отырысынан соң.

Ботагөз Жақселекова заң жобасын әзірлеу жұмыстары неге баяу жүріп жатқанын түсіндірді.

Құжатты дайындау бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Мәселе ауқымды. Сондықтан уақыт пен мәселені жан-жақты талқылау қажет, - деді вице-министр.

Ол заң жобасы «Ашық НҚА» порталына қашан нақты шығарылатынын айта алмады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама