×

Заңсыз жеткізілген смартфондар: бюджетке 100 млрд теңге түспеген

Қазақстанда IMEI коды қайталанатын 3,7 млн құрылғы бар

 Дәурен Ерболат 25.04.2023 | 10:24
Бағдат Мусин, фото: primeminister.kz

Қазақстанға заңсыз жеткізілген смартфондар салдарынан бюджетке 100 млрд теңге түспеген. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Үкімет отырысында министр елімізге ұялы телефондарды, оның ішінде қайталанатын IMEI кодтары бар құрылғыларды әкелудің «сұр» схемасы барын жеткізді.

Сәйкестендіру кодтарының дерекқоры (СКДҚ) мәліметтеріне сәйкес бүгінде Қазақстандағы ұялы компанияларының желілерінде қайталанатын IMEI коды бар 3,7 млн абоненттік құрылғы жұмыс істейді. Бұл ретте салықтар мен алымдар түріндегі мемлекеттің бюджетіне түспей қалған сомма – шамамен 100 млрд теңге, - деді Бағдат Мусин.

Министрдің айтуынша, қайталанатын IMEI кодтарының болуы құқық қорғау органдарына ұрланған ұялы телефондарды іздеу және оларды бұғаттау бойынша жедел жұмысты тиімді жүргізуге мүмкіндік бермейді.

«Бұл мәселені қолға алу үшін министрлік IMEI код дерекқорын кеден қызметтерінің жүйелерімен интеграциялауды және абоненттерді тіркеу кезінде биометрияны қолдануды жоспарлап отыр. Қазір Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ұрланған телефондардың IMEI кодын тексеруге болады», - деді министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама