Halyq Uni логотип
×

Жамбыл облысында 800 мың теңге пара алған ҚТЖ филиалының бастығы әшкереленді

Биыл Қазақстанда республикалық және облыстық деңгейдегі 159 басшы жемқорлық қылмысы бойынша жауапқа тартылған

 Халық үні 06.12.2021 | 10:54
Жамбыл облысында 800 мың теңге пара алған ҚТЖ филиалының бастығы әшкереленді
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша ҰҚКД-мен бірлесіп 800 мың теңге көлемінде пара алған «Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі» ЖШС «ҚТЖ - Жүк тасымалы» филиалының бастығын әшкереледі.

Аталған лауазымды тұлға қабылданған жылдық есептерді оң қарағаны және одан әрі қамқорлығы үшін ақшалай қаражат алған. Антикор бұл жағдайға қатысты тергеу жалғасып жатқанын, өзге ақпарат жариялауға жатпайтынын жеткізді.

Биыл Қазақстанда республикалық және облыстық деңгейдегі 159 басшы жемқорлық қылмысы бойынша жауапқа тартылған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама