Halyq Uni логотип
×

«Қымбатшылық қолдан жасалатындай»: экс-сенатор «Жайлы мектеп» жобасы туралы

«Жайлы мектеп» жобасына алдағы үш жылға 2,6 трлн теңге қаржы салынды

 Айнұр Шошаева 21.04.2023 | 14:14
«Қымбатшылық қолдан жасалатындай»: экс-сенатор «Жайлы мектеп» жобасы туралы
Фото: Halyq Uni

Алдағы 20 жылда мемлекеттің қарызы ЖІӨ-нің 47 пайызын құрауы мүмкін. Бұл туралы экс-сенатор Мұрат Бақтиярұлы жазды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Экс-депутат жыл сайын Қазақстанда бюджет тапшылығы ұлғайып келе жатқанына алаңдайды. 2023 жылдың бюджет тапшылығы 3,2 триллион теңгеге жеткен.

Мұндай бюджет дефециті бұрын-соңды болған емес. Осыдан 16 жыл бұрын бюджет тапшылығын жамау үшін Ұлттық қордан 1,2 трлн тенге алынса, биылғы бюджетке 3 трлн теңге қаржы алынуда. Оның үстіне мемлекеттің қарызы өсіп, қазір 25 трлн теңгеден асты. Бұл өте үлкен қарыз. Егер осылай кете беретін болса, алдағы 20 жылда мемлекеттік борыш ЖІӨ-нің 47 пайызын құрауы мүмкін. Еліміз үшін өте қауіпті жағдай, – деді ол. 

Сондай-ақ ол қаржы саласын тұрақтандыру үшін артық шығындарды мейлінше қысқартудың жолдарын қарастыру керек деп есептейді. Мысал ретінде қазір іске асырылып жатқан «Жайлы мектеп» жобасын атап өтті. 

«Мысалы, «Жайлы мектеп» жобасына алдағы үш жылға 2,6 трлн теңге қаржы салынды. Оның 1,1 трлн теңгесі Ұлттық қордан алынады. Бұл қаржыға 842 мың оқушы орны болатын 400-ден астам мектеп салынады. Адами капиталға қаржы салу өте дұрыс, қолдаймын. Бірақ сол мектептердің құрылыс бағасы қолдан  қымбаттатылғандай болып көрінеді. Мысалы, кейбір мектептердің салыну құны 8 млдр теңгеге дейін жетеді. Егер есептеп көрсек, 842 мың болатын әрбір оқушы орны 3 млн теңге болады екен. Шетелдерде көріп жүрміз ғой, мектептері өте қарапайым ғимараттарда орналасқан. Олар мектептің материалдық-техникалық базасы мен мұғалімдердің біліктілігіне қатты мән береді. Сондықтан «Жайлы мектеп» жобасына бөлінген қаржы қолды болып кетпес үшін мұқият қарау керек», – деп толықтырды Мұрат Бақтиярұлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама