Соңғы 9 жылда ШҚО-ның жолдарына 630 млрд теңге жұмсалды

Айнұр Шошаева

Даниял Ахметов 9 жылдан бері өңір әкімі

Фото: автордың жеке архивінен

2014 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысының жол құрылысы мен жөндеуіне 630 млрд теңге бөлінген. Алайда «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұловтың айтуынша, өңірдегі республкалық трассалардың жағдайы сын көтермейді, деп хабарлайды Halyq Uni

Қоғам белсендісі соңғы бір айда автокөлікпн 10 мың шақырымға жуық жол жүріп өткенін айтады. Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында болған. Сондай-ақ соңғы екі өңірді байланыстыратын жолдың суретін жариялады. 

Бұл ешкім тұрмайтын екі шалғай ауылдың арасындағы жол, сондықтан ол осындай күйде деп ойлайсыз ба. Негізінде екі облыс орталығы – Өскемен мен Семейді байланыстыратын жол. Бұған дейін  ШҚО-ның құрамында болған. Облысты 9 жылдан бері 68 жастағы зейнеткер Ахметов басқарып келеді. Республикалық трассаны қалайша осындай жағдайға жеткізуге болады? Асфальт мен жол белгілері қайда? Ахметов жолға бөлінген ақшаны қайда жұмсады? – деп сұрады ұйым басшысы. 

Оның айтуынша, өңірде бірде-бір автобан жоқ, ал Өскеменнен шығатын барлық жолдардың жағдайы бірдей. 

Облысқа ақша тұрақты бөлініп келеді. Ахметов басқарған кезде шамалап алғаннан өзінде 2014 жылдан бастап жолдарға 630 миллиард теңге бөлінді. Біз мемлекеттік сатып алу порталын және әкімдіктің БАҚ-тарға берген ақпараттарын зерттедік. Жалпы 9 жылда ШҚО-да жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстауға шамамен 630 286 671 497 теңге бөлінді, бұл өте көп сома. Соған қарамастан, былтыр біз көптеген жол учаскелерінен олқылықтарды анықтап, кепілдік бойынша қайта жөндеткен едік. Сондай-ақ бірқатар заңдар мен ережелерге өзгеріс енгізуге бастамашы болдық, – деді Дидар Смағұлов. 

Еске сала кетейік, бұған дейін ШҚО әкімі Даниал Ахметовке қатысты экс-мәжілісмен Берік Дүйсембинов даулы мәлімдеме жасаған болатын. Ақжолдық экс-депутат Ахметовты өңірдегі жерлерді иемденіп алды деді. Алайда өңір басшысы мұны жоққа шығарды. «Менде бірде-бір шаршы метр жер жоқ» деген ол Дүйсенбиновтің сөзін сандыраққа теңеді.