Шекті мөлшер 1,8 есе көбейді: Қазақстанда зейнетақы жинағын ала алатын қанша салымшы бар
Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалана алатын салымшылардың қатары 500 мыңнан 150 мыңға дейін кемиді
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшысы Жанат Құрманов «Ошақбаев LIVE» бағдарламасының қонағы болып, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енетін зейнетақы жинағының жеткілікті шегінің артуын түсіндірді. Ол шектен артық ақшаны қанша адам ала алатынын есептеп берді.
БЖЗҚ басшысының айтуынша, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін 150 мыңға жуық қазақстандық зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады. Бұл азаматтардың үш санатының бірі ғана. Қалған екеуіне зейнеткерлер және зейнетақы аннуитетін алған адамдар кіреді. Ел бойынша барлығы 582 мың адам бар.
Әдістемеге сәйкес азаматтардың үш санаты өздерінің зейнетақы жинағын пайдалана алады. Олар: зейнеткерлер, зейнетақы аннуитетін алғандар және қазіргі уақытта жұмыс істейтін және салым жеткілікті шектен асқан кезде ақшасын пайдалана алатын адамдар. Азаматтардың үшінші санатына ғана тоқталсақ, олардың саны 500 мың адамға жуық. Шектің көтерілуіне байланысты, бұл сан азаюы мүмкін, шамамен 150 мың адам болады, - деді Құрманов.
3 желтоқсанда Қазақстанда 2022 жылы зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу үшін жеткіліктілік шегі күрт өсетіні белгілі болды.
2021 жылдың қаңтарында Қазақстандағы салымшыларға зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге жұмсауға, сондай-ақ жеке инвестициялық компаниялардың басқаруына беру мақсатында пайдалануға құқық берді.