Halyq Uni логотип
×

Болашақ ұрпақтың қаражаты: бұдан былай Ұлттық қордан ақша алынбауы мүмкін

Президент Үкіметке мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасын әзірлеуді тапсырды

 Дәурен Ерболат 19.04.2023 | 11:42
Болашақ ұрпақтың қаражаты: бұдан былай Ұлттық қордан ақша алынбауы мүмкін
фото: Halyq Uni

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген отырыста Ұлттық қордан ақша алмауды ұсынды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұлттық қорға жармаса беруді доғару қажет. Мен бұл туралы осыған дейін де талай рет айттым. Ұлттық қор – болашақ ұрпақтың қаражаты. Біз оның ресурстарын тек қажет жағдайда, дағдарыс кезеңінде пайдалануымыз керек.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және жан басына шаққандағы қаржыландыру институтын, әсіресе әлеуметтік инфрақұрылымға инвестиция тарту үшін толық көлемде пайдалану қажет, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы былтыр желтоқсанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің (МЖӘ) жаңа моделін енгізуге бағытталған заңнамалық түзетулерге қол қойғанын атап өтті.

«Жеке әріптестерді іріктеу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданды, квазимемлекеттік кәсіпорындардың қатысуы шектелді. Осылайша, бизнесті мемлекеттік жобаларды іске асыруға тарту үшін жағдайлар жасалды. Бұл құрал жаңа ұлттық жобаларды іске асыру кезінде барынша пайдаланылуға тиіс. Үкіметке әлеуметтік салада МЖӘ кешенді бағдарламасын дайындауды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама