Қаңтар оқиғасында зардап шеккендерге 2,4 млрд теңге бөлінді
Жарақат алған 13 баланың отбасына 39 миллион теңге берілді
«Қазақстан халқына» қоры қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендерге қандай көмек көрсетілгені туралы ақпарат берді.
Қаралы қаңтарда зардап шеккен 614 адамға қайырымдылық көмек ретінде жалпы сомасы 2 миллиард 434 миллион теңге бөлінген. Оның ішінде абайсызда қаза тапқан 145 азаматтың отбасына 1 миллиард 15 миллион теңгеден, қайтыс болған азаматтардың отбасындағы кәмелетке толмаған 131 балаға 262 миллион теңге көмек көрсетілген.
Атыс қаруынан жарақат алып, жәбірленуші деп танылған 200-ден аса азамат қордан 606 миллион теңге алды. Сондай-ақ жарақат алған 13 баланың отбасына 39 миллион теңге берілді.
Қаза тапқан 19 әскери қызметкердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасына қордан 133 миллион, ал ауыр жарақат алған 111-іне 333 миллион теңге берілді.
Қайтыс болған әскери қызметкерлердің, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің отбасындағы 23 кәмелетке толмаған балаға 46 миллион теңге бөлінген.