Айлық есептiк көрсеткiш көлемі де өзгереді
Қаржы министрлігі 2022-2024 жылдарға арналған «Республикалық бюджет туралы» заңға өзгеріс енгізу жөнінде заң жобасын дайындап, Ашық НҚА сайтына қоғамдық талқылауға шығарған. Онда 1-сәуірден бастап 4 түрлі төлем мөлшерін өзгерту көзделген. Оның ішінде:
1) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен көлемі – 20 191 тг (қазір 19 450 тг);
2) зейнетақының ең төмен мөлшерi – 48 032 тг (қазір 46 302 тг);
3) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу, сондай-ақ Қазақстан заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды әрі басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 3 180 тг (қазір 3063 тг);
4) базалық әлеуметтiк төлемдер көлемін есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы – 37 389 тг (қазір 36 018 тг) болып белгiленбек.