Сыйақының мөлшері де көрсетілген
Қазақстанда микронесиелер бойынша сыйақының шекті мәнін өзгерту жоспарланып отыр. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі тиісті қаулының жобасын әзірледі.
Қазір құжаттың жобасы «Ашық НҚА» сайтына жарияланған. Осылайша, Ұлттық банктің микронесие бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы қаулысына өзгеріс енгізу қарастырылған. Оған сәйкес, 45 күнге берілген микронесие бойынша сыйақының шекті мәні күніне 0,8 пайыздан аспайды.
Сыйақының мөлшері де көрсетілген. Олар:
Бұдан бөлек, 45 күнге алынған кепілзаты бар микронесиенің сыйақысы 20 пайыздан аспауы шарт. Ал ұзартылған жағдайда сыйақының шекті мәні күніне 0,8 пайыздан артық болмауы қажет.
Қаулының жобасы 28 сәуірге дейін қоғамдық талқылаудан өтеді.