Halyq Uni логотип
×

Ақтаулық коммуналшылардың жолды не үшін жапқаны белгілі болды

Олар жиналысқа шақырылды

 Халық үні 08.04.2022 | 17:11
Ақтаулық коммуналшылардың жолды не үшін жапқаны белгілі болды
фото: Lada.kz

Ақтаулық коммуналшылар қаланың орталық көшесіндегі, Ынтымақ алаңы маңындағы жолды жауап тастады. Осылайша, ондаған жұмысшы жалақыларын көтеруді талап етті. Қазір олардың еңбекақысы 80-90 мың теңгені құрайды екен.

Ереуілшілермен кездесуге облыс әкімінің орынбасары келіп, түсіндіру жүргізді. Қазір жол ашық. Көлік кептелісіне жол бермес үшін әрі коммуналшылар проблемасын шешу үшін West Recycling Company компаниясының жұмысшылары облыс әкімдігіне жиналысқа шақырылды.

West Recycling Company – қаланы санитарлық тазалаумен, макулатура мен қайталама шикізат жинау және сұрыптаумен айналысатын Қазақстан аумағындағы ірі кәсіпорындардың бірі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама