Halyq Uni логотип
×

БҚО-да шенеунік бюджет қаражатын орындалмаған жұмысқа заңсыз аударған

Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды

 Динара Амантай 11.04.2023 | 11:09
БҚО-да шенеунік бюджет қаражатын орындалмаған жұмысқа заңсыз аударған
Фото: Halyq Uni

БҚО-да мектеп ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталмастан, жергілікті білім бөлімінің басшысы 8 млн теңгені заңсыз аударған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру шеңберінде білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп жатыр.

Талдау барысында Чуваш орта жалпы білім беретін мектебінің ғимаратын күрделі жөндеуді аяқтаудың жоспарлы мерзімдерінің бұзылуы анықталды. Бұл ретте тапсырыс беруші Бәйтерек ауданының білім бөлімі басшысының тарапынан тиісті жұмыстарды жүргізбестен, жалпы сомасы 8 миллион теңгеден аса бюджет қаражаты аударылған. Салдарынан мемлекетке ірі көлемде залал келтірілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынысымен Бәйтерек ауданы білім бөлімінің басшысы ҚР ӘҚБтК 312-бабы 1-бөлігі бойынша айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама